2027 жылдан бастап балабақшаларға жаңа талап қойылады

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мектепке дейінгі ұйымдарды міндетті лицензиялау енгізіледі, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Құрылтайдағы Үкімет сағатында мәлімдеді.

Еіміздегі 12 мың балабақшада 1,1 миллионнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. Биыл 389 мыңнан астам бүлдіршін мектепалды даярлықтан өткен.

Қазір 20 қала мен 23 ауданда балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жобасы жүзеге асырылуда. Нәтижесінде бюджет қаражатының 47,6 млрд теңгесі үнемделіп, балабақша кезегіндегі балалар саны 160 мыңнан 23 мыңға дейін азайған,-деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрдің айтуынша, міндетті лицензиялау балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мектепке дейінгі ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Ал орта білім беру саласында 8 мыңнан астам мектепте 4 миллион оқушы білім алып, 420 мың педагог жұмыс істейді. 2026–2027 оқу жылында бірінші сыныпқа 382 мың бала қабылданған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика