Қазақстан БАӘ-нің ірі банкіне толыққанды лицензия берді

Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ірі банктердің бірі Abu Dhabi Commercial Bank-ке толыққанды банктік лицензия берді деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұған дейін банк Қазақстанда тек исламдық банктік операцияларды жүзеге асырған. Енді жаңа лицензия негізінде қаржы ұйымы елімізде банктік қызметтің барлық түрін көрсете алады.

Бұған дейін ол Қазақстанда тек исламдық банктік операцияларды жүргізген. Енді толыққанды әмбебап банктік лицензия алды. Осылайша, Қазақстан аумағында барлық банк операцияларын жүзеге асыра алады. Банк негізінен корпоративтік кредиттеу бағытына басымдық береді, – деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік төрағасының сөзінше, лицензия беру Мемлекет басшысының Қазақстанның қаржы нарығына шетелдік банктерді тарту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан.

Сонымен қатар биыл қабылданған «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң шетелдік қаржы ұйымдарының нарыққа шығуына мүмкіндік береді. Заң аясында исламдық және дәстүрлі банктік операцияларды бір лицензия негізінде жүзеге асыруға жол ашылған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика