Жастарды қылмысқа тартқан 40-тан астам топ анықталды

Жастарды құқыққа қайшы әрекеттерге тартқан 40-тан астам топ анықталды. Қылмыстық топтардың 240-тан астам жетекшісі мен мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл еліміздің өңірлерінде жастарға кері ықпал еткен 40-тан астам топтың әрекеті әшкереленген. Түрлі қылмыс пен құқық бұзушылық жасады деген күдікпен 100-ден астам адам ұсталған.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарға қатысты бопсалау қылмыстарын жасаған төрт топтың қызметіне тосқауыл қойылған. Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 47 қылмыстық іс қозғалған.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, полиция қызметкерлері мектептерде, колледждерде және басқа да білім беру ұйымдарында 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізген.

Алдын алу жұмыстары негізінен жасөспірімдер арасындағы бопсалауға, қылмыстық идеологияның таралуына және қылмыстық өмір салтын романтизациялауға жол бермеуге бағытталып отыр.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика