«Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшыларының ұсталуын саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Заң мен тәртіп» қағидатының көрінісі деп бағалады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті квазимемлекеттік сектордағы жоғары лауазымды екі басшыны ұстау арқылы елде жемқорлықпен күрес, заң үстемдігі және жазаның бұлтартпастығы қағидаттары лауазымына қарамастан жүзеге асатынын көрсеткен. Сондай-ақ ол «Қазақстан темір жолы» басшыларына қатысты мұндай жағдай бұрын да болғанын, алайда «Самұрық-Қазына» қоры басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған оқиға екенін атап өтті.
Саясаттанушының пікірінше, елдегі маңызды мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы саналатын қор басшысының да заң алдында жауап беруі өзгелерге сабақ болуға тиіс.
Еске салайық, 2026 жылғы 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отынышиевтің және өзге де тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.
