Мемлекет басшысы Польша Президентіне көңіл айттты

Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айту жеделхатын жолдады,—деп хабарлайды Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді,-делінген дереккөз берген ақпаратта.

Айта кетейік, қанды оқиға 7 қараша күні түстен кейінгі уақытта қаланың туристер көп келетін орындардың бірі — Орталық базар маңында болған.

Жергілікті ақпарат көздерінің таратқан мәліметінше, бетперде киген, әскери үлгідегі киімдегі күдікті көлігімен алаңға келіп, автомат қаруымен бейбіт адамдарға оқ жаудыра бастаған. Салдарынан 6 адам қаза тауып (төрт әйел, екі ер адам), 15 адам түрлі жарақат алған. Жараланғандардың арасында 2 полиция қызметкері де бар. 

Күдікті 24–25 жастағы Польша азаматы полициямен арадағы атыс кезінде жараланып, ұсталды. Оның көлігінен басқа да қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика