Сол жағалауда қайғылы оқиға болды

«Елорданың сол жағалауындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала тараған ақпаратқа сенсек, екі қыз биіктен құлаған. Полиция осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғады», деп хабарлайды   Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы.

9 қараша күні кешкісін көпқабатты тұрғын үйдің маңында шұғыл қызмет өкілдері жұмыс істеген. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде де тарап үлгерген. Ал Астана қалалық Полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«Суицид фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.  Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары әзірге қайтыс болған адамдар туралы өзге мәліметтерді жариялаған жоқ.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика