Мәскеу-Алматы бағытындағы SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

«Мәскеуден Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы борттық жүйеде ескерту дабылы іске қосылғаннан кейін Астана әуежайына қонды. Бұл туралы Jurtmedia  ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Оқиға туралы жолаушылардың бірі Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялаған. Оның айтуынша, ұшақтың қонуынан кейін жолаушыларға қажетті ақпарат берілмей, тиісті көмек көрсетілмеген.

«Неліктен жолаушыларға тіпті су да ұсынбадыңыздар? Біз наразылық білдіргенге дейін қорқып, абдырап қалған жолаушыларды сусыз, тамақсыз, ең бастысы, ешқандай ақпаратсыз қалдырдыңыздар», деп жазған жолаушы. Ал SCAT әуе компаниясының баспасөз қызметі ұшақ экипажы борттық жүйенің ескерту дабылы іске қосылғаннан кейін Астанадағы базалық әуежайға қону туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Компанияның мәліметінше, ұшақ қонуы штаттық режимде өткен.

Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясы резервтік ұшақ бөлген. Сондай-ақ компания өкілдері жолаушылар күту кезінде оларға салқын сусындар ұсынылғанын мәлімдеді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика