ҰҚК-ның 2026 жылғы шілде және тамызындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің нәтижесін жариялады
ҰҚК баспасөз қызметі ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі биылғы шілде-тамызда ел аумағында 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтаған.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 3,7 млрд теңге,- делінген дереккөз берген ақпаратта.
