Жыл басынан бері қылмыстық топтардың 169 мүшесі ұсталды

Биылғы жылдың басынан бері ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірлерінде 24 қылмыстық топ мүшелерінің заңсыз әрекетінің жолын кесті, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарды жасады деген күдікпен 169 адам, оның ішінде топ жетекшілері ұсталды.

Шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастырумен байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика