ҰҚК 3,9 млрд теңге сомасындағы заңсыз тауардың шекарадан өтуінің алдын алды

ҰҚК Шекара қызметі шілде айында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып 4 975 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Оның 4 346-сы шетел азаматтарының араласуымен болған.

Сонымен қатар, 3,9 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды.

Оның ішінде: 39 факті – есірткі заттары; 88 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (108 дана суық қару, 2131 дана оқ-дәрі); 1 808 факті – көлемі 150 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары, жалпы сомасы 33,4 млн теңге; 392 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар; 149 факті – сомасы шамамен 2,1 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы. Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика