Бүгін Президент Жарлығымен бірнеше елге жаңа Төтенше және өкілетті елшілер тағайындалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Олардың қатарында Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ералы Тоғжанов та бар.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Амангелді Ғазезұлы Саинов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген ақорда таратқан ақпаратта.
