Атырау және Ұлытау облыстарына жаңа әкім тағайындалды

Бұған дейін ҚР Энергетика министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі сынды түрлі қызмет атқарған Болат Оралұлы енді Атырау облысын басқарады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Мемлекет басшысының тағайындау туралы жарлығын Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды,-делінген дереккөз берген ақпаратта. 

Сонымен қатар, Президенттің Жарлығына сәйкес Ұлтау обылсына да жаңа әкім тағайындалды. Бұл лауазымға осы күнге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Есет Бәйкен барды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды,-деп жазды ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Президент Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі, Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымынан босатылды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика