Алматыда ер адам өгей әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Алматыда 59 жастағы өгей әкесін өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адам тұтқындалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға отбасылық жанжал кезінде болған.

Сағат 3:00 шамасында 102 қызметіне қаланың Алмалы ауданында орналасқан Брусиловский көшесіндегі көпқабатты үйде пышақталған адам туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына дереу жетті. Дәрігерлердің арашалалап қалу әрекетіне қарамастан, жәбірленушіні құтқару мүмкін болмады. 59 жастағы ер адам бірнеше пышақ жарақаты мен көп қан жоғалту салдарынан қайтыс болды. Алмалы ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні тез арада ұстады. Ол марқұмның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты,- делінген хабарламада.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, отбасылық жанжал кезінде күдікті ер адамды ас үй пышағымен бірнеше рет пышақтаған. Ол жанжалдың анасы мен өгей әкесі арасындағы келіспей қалушылықтан туындағанын айтты. Бірақ бұл болжам тексерілуде.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу шаралары басталды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика