Алматыдан Астанаға шықққан Air Astana ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда әуежайына қонуға мүмкіндік болмады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Экипаж Алматы әуежайына қайта оралу туралы шешім қабылдаған.
Алматыдан Астанаға ұшып бара жатқан KC 641 рейсі алдымен Астана әуежайына қонуға әрекеттеніп, содан кейін Қарағандыға қонуды қарастырды. Алайда, ауа райы жағдайының ыңғайсыздығына байланысты экипаж аталған екі қалаға да қонуды тоқтату туралы шешім қабылдады,-деп мәлімдеді Air Astana баспасөз қызметі.
Алматыға оралғаннан кейін ұшақ Астанаға қайта оралуға дайындықты бастады.
