Алматыдан Шымкентке шыққан ұшақтыңқонуына шамамен 15 минут қалғанда ауа райы күрт бұзылған, — деп хабарлайды jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жауын жауып, найзағай соғып, жағдай қауіпті бола бастаған. Қатты турбуленттік салдарынан ұшақ қауіпсіз қона алмай, қатты шайқалған. Жолаушылардың айтуынша, әуеде әуе кемесі 15 минутқа жуық теңселген. Ұшақ жерге жақындап қалғандықтан, көптеген жолаушы қорыққан.Ұшқыштардың жоғары кәсібилігінің арқасында жағдай бақылауға алынған. Экипаж қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдап, ұшақты Тараз қаласына бағыттаған. Әуе кемесі Тараздағы қосалқы әуежайға аман-есен қонып, жолаушылар Шымкентке қайта ұшу ұйымдастырылам дегенше әуежайда бір сағаттан аса күткен.
SCAT әуе компаниясыжағдайға қатысты түсініктеме берді
Фото: SCAT компаниясының баспасөз қызметі
“ Ұшақ Шымкент әуежайына қонуға жақындағанда ауа райы күрт нашарлаған. Желдің екпіні секундына 24 метрге дейін күшейіп, найзағай ойнады, нөсер жауын жауды және жел ығысуы қаупі байқалды. Осыған байланысты Алматы – Шымкент рейсінің экипажы Тараз қаласындағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады”, – деді SCAT әуе компаниясының өкілдері.
Ауа райы жақсарғаннан кейін әуе кемесі рейсті жалғастырған. Ұшақ қосалқы әуежайдан Шымкент әуежайына штаттық режимде қонды.