Атырауда жасөспірімді аяусыз соққыға жыққандар ұсталды

Оқиға аталған облыстағы Еркінқала ауылында болған,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасаөз қызметі күдіктілердің ұсталғаны туралы мәлімдеді.

Жасөспірімге сегізге жуық бала жабылып тиісіп, ұрып-соққан. таяқ жеген баланың отбасы полицияға арыз түсірген. Алайда олар істің жабылып қалуынан қауіптенеді. Себебі, соққы жыққандардың бірі – құқық қорғау органдарының қызметкерінің баласы.

Баламның денесі көгеріп кеткен, мұрнынан қан кетіп жатыр, өзі қатты психологиялық күйзеліске түсті. Бізге ескерту жасаған: «Егер біреуге тіс жарып айтса, тағы да соққыға жығамыз» деп. Мен сонда да үндемей қала алмаймын. Балам үшін қорқамын, бірақ өзгелердің баласына да қауіп төніп тұрғанын ойласам одан бетер қорқамын, – дейді жәбірленушінің анасы.