Жолаушылар пойыздағы дәретханадан қан ізін байқап, бір жолсерік еденді жууға кіріскен. Қан ізі бір купеге апарып, онда көрпенің астында жатқан әйел табылған. Төсек түгелдей қанға боялған. Сәбидің денесі кейін табылып, оның көз жұмғаны анықталды,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Анықталған мәліметтер бойынша процессуалдық шешімдер қабылданады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр,
— деп хабарлады көлік полициясы.