Украина президенті көтерген жаңа бастама 30 күндік бітім аясында азаматтық инфрақұрылымды зымыранмен, сондай-ақ ұзақ қашықтықтағы ұшқышсыз ұшақтармен соққы беруді тоқтату,-деп хабарлайды JurtMedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Зеленский бұл ойымен өзінің телеграмм парақшасында бөлісті.
Бұған дейін қос тарап Пасха мейрамына орай қанды қырғынды бір күнге тоқтатқан болатын. Араға үш жыл салып кеше түнде Украина аспанында тыныштық орнады.
Десе де, Зеленский Мәскеудің уақытша келісімді 2 мың рет бұзғанын мәлімдеді. Кремль де Киевті дәл солай айыптады. Енді Украина Президенті қарымта соққы бермей, екіжақты бітімге ұмтылатынын жеткізді.