Белгілі ақын, композитор, асаба Құрманай Бақтиярқызы ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Қаралы хабарды марқұмның Instagram парақшасында ұлы жазды.
Анашым Раббысына қайтты, дұғада болыңыздар, — деп жазды ақынның ұлы.
Өнер иесінің өзі осыдан шамалы уақыт бұрын парақшасында қүрделі отадан кейін денсаулығының біршама дұрысталғанын жазған болатын.
Жоспарланған операция. Бес жерден тесіп жақсы өткен. Асқазан ауырып жүргеніне екі жыл болды. Барлық анализдер жақсы шығып, отадан соң тұрып үйге қайтқанмын. «Ішек спайка болған тілу керек, әйтпесе болмайды» деді. Ары қарай білмеймін. Комаға түсіп, өң мен түстің ортасында Димаш Құдайбергенмен әлемдік концерттерде жүрдім. Иә, анық көрінеді. Жиырма күнге жуық ес-түссіз жатқанымды көрген достар бәріне дайын тұрды. Алланың қалауы ғой, «99/1 пайыз ғана үміт бар, дайын болыңыздар» деген екен, — деп жазба қалдырған.
Марқұм бірнеше танымал әндерге сөз жазған ақын және асаба еді.