Ер адамның өлімі туралы ақпаратты Полиция департаменті мен Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.
Еске сала кетейік, оқиға 1 қазан күні Алматыдағы Түрксіб ауданында орналасқан айыппұл тұрағы аумағында болған. Жантүршігерлік оқиғадан 33 жастағы азамат аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілігені айтылған.
Сол күні мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы иесі 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлемеген «Субару» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі де болмағаны анықталған. Белгіленген ережеге сәйкес, көлік оқиға болған айыппұл тұрағына қойылған.
Полиция өкілінің айтуынша марқұм көлік иесі біраз уақыттан соң автотұраққа қайта оралған.
Ол Автокөліктің қасына келіп жанармай құйып, оны өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін дереу шара қолданды: жүргізуші жедел түрде ауруханаға жеткізілді Көлікті сөндіруге оқиғаның куәгерлері де қатысты- деген болатын Алматы қалалық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Шумаев.
Фото: tengrinews.kz