Павлодар облыстық полиция департаментінің берген түсінігіне сәйкес жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші техниканы басқара алмай қалған.
12 тамыз күні таңЕкібастұз қаласындағы кәсіпорындардың бірінің аумағында «ПАЗ» маркалы автобус жүргізушісі рөлді басқара алмай жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен», — деді жергілікті ПД баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, оқиға кезінде автобус ішінде кәсіпорынның 24 қызметкері болған.
Мердігерлік компанияның «ПАЗ» маркалы автобусы сағат 8.45 шамасында Ковыльная станциясы жағынан кенішке түсіп бара жатқан жолда сақтандыру дуалына соғылған, — деп толықтырды «Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі
Автобуыста болғандардың барлығы түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алған. Олардың барлығы жергілікті ауруханаға жатқызылды.