Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев Парижде Хасанбой Дусматовтың жеңісінен кейін жүрек талмасы ұстап қалған, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы, turkystan.kz сілтеме жасап.
Дереккөздің жазуынша бас бапкер мен оның командасы бейсенбі күні Хасанбой Дусматов екі дүркін Олимпиада чемпионы болғанын атап өту кезінде оның жүрек талмасы ұстап қалған.
Абыро болғанда дәл сол сәтте Ұлыбритания бокс құрамасының дәрігерлері Хардж Сингх пен Робби Лиллис оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетуге келген.
Өзбекстан бапкерлері жаттығу залына келіп, жеңісті тойлай бастады. Сосын айқайлаған дауыс шықты. Хардж бірінші болып олардың қасына жетіп барды. Мен оның соңынан бардым. Мен барған кезде Хардж жүрек талмасының бетін қайтаратын реанимация істеп жатыр екен. Мен жедел жәрдем көрсетуге арналған сөмкені ашып, первым, дефибриллятор алып, электрод қойдым. Басында ол өз-өзіне келмеді, сосын 20-30 секундтан соң есін жиды, – дейді ұлыбританиялық физиотерапевт Робби Лиллис.
Қылышев ауруханаға жеткізілді.