Ыстықкөлде Қазақстан азаматы көз жұмды

Ыстықкөл облысының ішкі істер департаментінің мәліметінше 15 шілдеде 42 жастағы ер адам ауыр жарақатпен аудандық ауруханаға түскен, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Жергілікті милицияның мәліметінше, шамамен сағат 18:25-те оны Қара-Ой ауылындағы демалыс орындарының біріндегі жағажайда су қайығы қағып кеткен.

16 шілдеде ер адам алған жарақаттарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға негізінде «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» және «Темір жол, әуе немесе су көлігінде қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды қырғызстандық Kloop Telegram каналы.

Милиционерлер қайық жүргізушісі мен су көлігінің иесін анықтады. Олардың ұсталғаны туралы әлі хабарланған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: КазТаг