«Жазасын жеңілдетемін» Бишімбаевтың туыстарынан ірі көлемде алдап ақша алған күдікті ұсталды

Елорда тұрғыны Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен экс-минстрдің туыстарын алдау арқылы 100 млн теңгені иемденген, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. .

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті. Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде,- деп жазды антикордың баспасөз қызметі. 

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Антикор өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтындығын атап өтті.

Фото: Антикордың баспасөз қызметі