Жақында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты күдікті ретінде ұсталған бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың 2 ай мерзімге қамауға алынғаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 2024 жылдың 30 сәуірінде бұрынғы Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады,- деп жазды дереккөз.
ҚР ҚПК — нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Еске сала кетейік 29 сәуір күні Бас прокуратура оның, экс-министрдің ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) күдікті ретінде ұсталғанын хабарлаған болатын.