Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі сезілді

Тосын оқиға бүгін  сағат 11:22 де сезілген. Қалада сирена қосылды,- деп хабарлайды, Jurtmedia.kz

ТЖМ-нің алдын ала мәліметі бойынша жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағындағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 6,1. Тереңдігі — 10 км. Шамамен қалада 5 балдық жер сілкінісі сезілді. Алматы қаласы ТЖД сағат 11:22-де сирена-дыбыстық сигнал дереу іске қосылып, радиоарналар мен телеарналардан хабар таратылғанын мәлім етті. ТЖМ жедел ақпарат бойынша Алматы облысында — 5 балл, Жетісуда (Талдықорған)- 2 балл жер сілкінісі болған,- деп жазды ведомство.