Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулік ішінде Алматы қаласының аумағында Жол қозғалысы қағидаларын бұзудың 1854 дерегі анықталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. .
Алматы қаласы прокуратурасының дерегінше, оның ішінде 199-ы жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары деңгейде қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтар.
Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде:
Мас күйінде көлік құралын басқару – 10, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік басқаруы – 4, маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 56, қауіпсіздік белдігін тақпау – 78, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу – 8, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану бойынша – 43 жағдай тіркелген. Сонымен қатар, 49 көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
