Елімізде Дүниежүзілік банктің Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды, — деп хабарлайды Jurtmedia.kz
ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Қайтарымсыз берілген гранттың мөлшері 46 млн АҚШ доллары.
Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды,- делінген Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.
Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.