Бүгін Теміртаудағы дүкендердің бірінде жарылыс болып, екі адам үйінді астында қалған. Құтқарушылар олардың бірін үйінді астынан алып шықты, екіншісінің денесі табылды, деп хабарлайды Jurtmedia.kz
Сағат 08:06-да өрт сөндірушілергеТеміртау қаласы Ватутин көшесі бойында орналасқан қос қабатты ғимаратта газ жарылғаны туралы хабар келіп түскен. Жарылыстан кейін ғимарат өртке оранған.
ТЖМ хабарлауынша сағат 08:44-те үйінді астынан әйел адам шығарылды. Сағат 09:08-те 40 ш.м. алаңға жайылған өрт оқшауланды.
Сағат 09:49-да үйіндінің астынан қайтыс болған әйел адымның денесі шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді, — деді ТЖМ баспасөз қызметі.