Астана қаласының кадрлық комиссиясы өңірлік резервіне үміткерлерді іріктеуді бастады деп хабарлайды Jurtmedia.kz.
Өңірлік резервке алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
- Қазақстан Республикасының азаматтылығы;
- құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспаған;
- жоғары білімі болуы;
- үш жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) әлеуметтік сала;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
3) экология;
4) цифрландыру.
Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда) өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады.
Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе мына мекенжай бойынша қабылданады: astana@onir.pkrezerv.gov.kz 010000, Астана қаласы Сарыарқа даңғылы, 13, 3 қабат 304 бөлме.
Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада (onir.pkrezerv.gov.kz) тіркеліп құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы
31 наурыздан кешіктірмей жүктейді.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді (onir.pkrezerv.gov.kz) онлайн-платформадан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің www.qyzmet.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік парақшаларында astana.onir.rezerv.kz, elgeqyzmet.astana (Instagram) және келесі телефондар арқылы: +7 7172 248926, +7 7172 248896, +7 7172 248831 алуға болады.