Астаналық 3 полицейдің жеделсаты ішінде сыралатып тұрған видеосы тарады

Әлеуметтік желіде тараған видеодан елордалық үш полиция қызметкерінің қолдарында сыра лифтіге кіргендерін байқауға болады, деп хабарлады Jurtmedia.kz

Олар сыра ішуді қоғамдық орын саналатын лифт ішінде де жалғастырған. Ең қызығы үшеуі де қызметтік формада тұр. Аталған видео Egovpress әлеуметтік желі қолданушысының парақшасында жарияланды. Парақша иесі полицейлердің әрекетін мысқлдай отырп сипаттап, Астана ПД берген ажалтарма жауапты қоса салған. Оның жазуынша департамент өз қызметкерлеріне шаң жуытпай отырған көрінеді.

Айтарлықтаq өрескел ештеңе жоқ, тек астаналық «ержүрек» полицейлер жұмыс күнінің соңына таман демалуға бел буып, сыра сатып алған. Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі олардың алкогольсіз сусындар ішкенін, ал үшінші адамның басы айналып кеткенін айтты. Алайда лифт қоғамдық орын екенін ұмытпайық,-  деп жазба қалдырды парақша иесі.

Ал Астана қалалық ПД өз қызметкерлерінің бұл әрекетіне қатысты төмендеігдей жауап берді.

«Тексеріс нәтижесінде қызметкерлер кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатқаны анықталды. Қызметкерлердің құрамында спирті бар сусынды сатып алуы және ішуі анықталмаған. Нысанды киім-кешекті бұзғаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңның бұзылуына жол бермеу туралы жеке құраммен жұмыс жүргізілді», — деді ПД өкілдері.

Видеоға қатысты желі қолданушылырдың пікірі екіге жарылды.  Кейбіреулері,  «Әркімнің жұмыстан кейінгі өз өмірі бар! Олар жұмыста ішпейді. Беталды әнді мынау видео» деп жазса, енді бір оқырмандар «Не жазып жатырсыздар?) Қорғаушылар демалу үшін алдымен форманы шешу керек», — деп жазып жатыр.</

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)