Аталған ақпаратты Астана қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті растап отыр, деп хабарлады Jurtmedia.kz
Оқиға елордадағы ірі мейрамханалардың бірі «Окадзаки» мейрамханасында болған. Жаппай уланудан зардап шеккендер саны бүгінде 37 адамға жетіп отыр. Департаменттің мәліметінше дәл осындай жағдай Астанада биыл екінші рет тіркеліп отыр екен.
Биылғы жылы қоғамдық тамақтандыру нысандарында жаппай тамақтан уланудың 2 оқиғасы тіркелді. Біріншісі шілдеде болды, онда 15 адам зардап шекті. Осы айда мейрамханада екінші жаппай улану оқиғасы орын алды, қазір эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Зардап шеккендер саны – 37 адам, деді Астана қаласы СЭБД басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева
Айта кетейік, департаменттің бірыңғай интернет-ресурс платформасындағы ақпаратқа сәйкес, тамақтан улану белгілері келесідей: жоғары температура 37-ден 40 градусқа дейін; тәбеттің жоғалуы және әлсіздік; іштің ауыруы және диарея; жүрек айну және құсу. Ауыр жағдайларда немесе нейротоксикалық уланулар әсер еткенде, бұлшықет тонусының бұзылуы, сананың жоғалуы, сілекейдің көп бөлінуі, мидың (галлюцинация, сандырақ, кома) немесе перифериялық жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы (парез және паралич) ) және т.б. Уланудың алғашқы белгілері 1-8 сағат ішінде пайда болуы мүмкін. Кей жағдайда 1-2 күнде бірте-бірте дамиды және дер кезінде медициналық көмекке жүгінбесе денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.