Отандық студенттердің экожобалары таныстырылды  

АстанадағыНазарбаев Университетінде экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге арналған бірегей бастама болып табылатын Sustainability Living Lab (SLL) бағдарламасына арналған Медиа-тур өтті,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz

Назарбаев Университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті және басқа да отандық университеттердің  студенттері пластик пен шыныны қайта өңдеу, гидропоникалық қондырғылар, электр қуатын тұтынуды бақылау және басқа да бағыттар бойынша өздерінің экожобаларын журналистер назарына ұсынды. Бұл жобалардың барлығы SLL бағдарламасы аясында жасалған. SLL – бүкіл Қазақстан бойынша студенттерге университет кампустарында экологиялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарлама.

SLL бағдарламасын «Шеврон» компаниясының қолдауымен Назарбаев Университетінің Тұрақты даму офисі мен “National Conservation Initiative” корпоративтік қоры бірлесіп жүзеге асырады.

 SLL бағдарламасы кампустардың экологиялық көрсеткіштерін жақсартып, тұрақты даму мәселелері бойынша хабардарлықты арттырып қана қоймайды, оның маңыздылығы «жасыл кампусты» қалыптастырып, студенттердің бастамаларын біріктіруде», — деп атап өтті SLL бағдарламасының қатысушысы, «Green Society» студенттік қоғамдастығының президенті Аружан Қапарова.

Медиа турға қатысушылар университет аумағында SLL бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар қызықты жобалармен танысуға мүмкіндік алды:

Mediterranean biome — университет атриумында субтропиктік өсімдіктерден тұратын арнайы аймақ құру жобасы.

NU observatory — диаметрі 50 см телескоп орнатылған шағын обсерваторияны салу жобасы.Күмбез 360 градусқа айналады. Университет студенттері мен қызметкерлері, сондай-ақ қала тұрғындары планеталарды дүрбі арқылы өте жақсы сапада бақылай алады.

Smart geopolymer —  бұл бетондағы құмның орнына шыны және пластмасса қалдықтарынан мүсіндер, брусчатка, орындықтар сияқты экологиялық таза материалдар мен әртүрлі пайдалы өнімдерді жасау жобасы.

Topyraq — бұл органикалық қалдықтарды өңдеуге арналған вермикомпосттарды жасау жобасы.

Precious plastic —  бұл пластикті қайта өңдеу жобасы, өздігінен жасалған құрылғылардың арқасында пайдаланылған пластик тұрмыстық заттар жаңа өмірге ие болады.

Tile glass шыны қалдықтарын қайта өңдеуге арналған жобасы. Студенттер сынған әйнектің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтып, күнделікті өмірге қажетті шамдар, қораптар сияқты пайдалы бұйымдар жасайды.

Just reprint  пластик қалдықтарын 3D принтер үшін жіпке қайта өңдеу жобасs

Green Horizon – жасыл кеңістіктермен қосымша пайдалы кеңістік құру жобасы.

Мембраналық қабаттың қолданылуына байланысты шатырдың қызмет ету мерзімі 4 есе артады.

Bulan — мүгедектер арбасының қозғалғыштығын және пайдалану жеңілдігін арттыратын электр қондырмасын жасау жобасы.

Lumisolcoat — наноматериалдар негізіндегі күн панельдері үшін люминесцентті және гидрофобты жабындар. Жұқа жабындардағы нанобөлшектердің бірегей қасиеттерінің арқасында деструктивті УК сәулесі көрінетін жарыққа айналады, осылайша күн панельдерінің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ, әзірленген жабындардың гидрофобты қасиеттері панельдердің өзін-өзі тазалауын қамтамасыз етеді.

V-elec — бұл спорттық жаттығулардан қуат алуға мүмкіндік беретін жаттығу велосипеді. Студенттер спортпен айналысады және гаджеттерді зарядтайды.

Hydrohouse — автоматтандырылған гидропоникалық қондырғыларды құру жобасы.

Жарық, қышқылдық деңгейін және температураны бақылауға арналған сенсорларды қолданудың арқасында қондырғыларды Telegram бот арқылы адамның тұрақты бақылауынсыз пайдалануға болады.

NU Energy Dashboard — бұл кампустағы әрбір ғимараттың энергия тұтынуын интерактивті және түсінікті форматта нақты уақыт режимінде көрсетуге арналған платформа.

Art-Eco — бұл тоқыма қалдықтарынан кенептер мен экологиялық тақырыптарға картиналар жасау жобасы.

Coal soil — күлді минералды-органикалық компостқа айналдыру жобасы. Күл қалдықтары мен органикалық заттарды белгілі бір пропорцияда араластыру арқылы біз сарқылған топырақ үшін тиімді субстрат аламыз.

Бұл жобалар тұрақты кампустарды құруға ықпал ететін инновациялық идеяларды қамтиды. Олар пайдалы және экологиялық таза өнімдерді жасау үшін ресурстарды тиімді пайдаланудың және қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын көрсетеді.