Елімізде әлеуметтік осал санаттағы жастардың жоғары білім алуына қолдау көрсету шаралары кеңейтіліп жатыр, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық сараптамалық порталы
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
2023 жылдан бері мемлекеттік білім беру тапсырысының кемінде 2 пайызы жетім балаларға бөлінеді.
Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда әлеуметтік осал санаттағы студенттерге қосымша қолдау көрсетіліп келеді. Атап айтқанда, жетім балалар мен толық емес отбасылардан шыққан жастардың жатақханада тұру шығындары өтеліп, шәкіртақысына қосымша үстемеақы қарастырылған.
“Серпін” бағдарламасын жүзеге асыру тетіктері жаңартылды. Былтыр бағдарлама аясында бөлінген гранттарды игеру көрсеткіші алғаш рет 80 пайыздан асқан. Қазіргі уақытта бағдарлама жаңа форматқа көшіріліп, оны іске асыру ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді,-деді министр.
