Доллар бағамы тағы төмендеді

Еліміздің қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысымен доллардың орташа сараланған бағамы 443,76 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен 1,2 теңгеге төмен, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Ұлттық банктің 12 қарашаға белгілеген ресми бағамы-444,76 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы орта есеппен 442 теңге, сатып алу бағамы 449 теңге болды. Еуро 491–501 теңге аралығында, ал Ресей рублі 5,10–5,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматыда долларды сату бағамы 443,79 теңге, сатып алу бағамы 445,43 теңге болды. Еуро 491,71–497,14 теңге, рубль 5,13–5,24 теңге аралығында белгіленді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика