“Самұрық-Қазына” мен ҚТЖ басшылары ұсталды

Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отаншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оларды ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ұстаған. Олар, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Қазір істің мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

12 қараша күні таңертең Астанадағы Қонаев көшесінде орналасқан Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңынан сегіз чемодан мен шашылған долларға ұқсас банкноттар табылған. Оқиға туралы полицияға 102 арнасы арқылы хабарлама түскен.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жария етуге жатпайды,-деді ҰҚК.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика