Президент елдің қорғанысына жауапты ведомствоға басшы тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген ақорда берген ақпаратта.
Айта кетейік, Мырзахметов 2024 жылғы 9-қаңтардан бүгінге дейін ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы қызметін атқарған.
