Ақтаудағы әскерилердің қаза болуына қатысты үкіметтік комиисия құрылды

ҚР Премьер-министрінің өкімімен Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығулар өткізу барысында әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Үкіметтік Комиссияға Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық етеді.  

Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау, Көлік министрліктерінің басшылығы, Бас әскери прокурор, сондай-ақ шекара қызметінің өкілдері кірді,-делінген дереккөз берген ақпаратта.

Премьер-министр Олжас Бектенов Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына шұғыл барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеруді қамтамасыз ету және қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика