Облыстағы Меркі ауданы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдардың «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жабайы қарасораны анықтау және жою бойынша кешенді жұмыстар жүріп жатыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Аудан аумағында жабайы қарасора өсетін жерлердің жалпы көлемі шамамен 19 мың гектар.
Аталған жұмыстарды жүргізуге жұмыс тобының мүшелерімен қатар 14 ауылдық округтен 28 ерікті тартылып, қажетті арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінгі күнге 580 гектар аумақта 376 тонна жабайы қарасора шабылып, өртеу арқылы жойылды.
Жабайы қарасораны жою жұмыстары ауданда жыл сайын жүйелі түрде жүргізіліп, есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алудың маңызды шараларының бірі. Жүргізіліп жатқан кешенді профилактикалық жұмыстар есірткі қылмыстары деңгейінің төмендеуіне ықпал етуде. Мәселен, 2025 жылдың 7 айында 45 есірткі қылмысы тіркелсе, ағымдағы жылдың сәйкес кезеңінде 28 қылмыс тіркеліп, қылмыс деңгейі 37,8%-ға төмендеген.
Фото: ашық дереккөзден
