Олардың тұрғылықты жерлерін тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған колл-орталықтардың қызметін ұсынған Корея Республикасының 14 азаматын ұстады.
Аталған елдің құқық қорғау органы оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріліп жатқаны белгілі болды.
Ұсталғандар процестік іс-әрекеттер жүргізу және одан әрі депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Фото: КазТАГ
