Жамбыл облысында СОБР қызметкері өз-өзін атып тастады

Қайғылы оқиға Жамбыл облысы, Қордай аудандық Полиция бөліміне қарасты СОБР қызметкерлеріне арналған казарманың дәлізінде болған,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм Н.Т. 1995 жылы туған. Ол СОБР инспекторы, лейтенант әскери дәрежесінде болған.

Оқиға 28 мамырда таңертең болған. Офицер өзіне тиесілі SIG Sauer маркалы қызметтік қаруымен  өзіне қол жұмсаған.

Медицина қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жәбірленушіні ауыр жағдайда Орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер офицердің өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті. бірақ ол сол күні кешке есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды,-деп жазды дереккөз.

Жас офицерді бұндай әрекетке итермелеген нақты себептер мен әрекеттер туралы қазіргі уақытта белгісіз.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде жұмыстағы және марқұмның отбасындағы жағдайды анықтауды қолға алған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика