Ақтөбеде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды

Қайғылы оқиға кеше кешкісін қаланың ескі бөлігіндегі Түрксіб көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Оқиға орнынан бір адамның мәйіті табылды.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс табиғи газдың ауаға тарауынан болған. Оқиға салдарынан жеке тұрғын үй толығымен қирап қалған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза тапқан әйел адам болған. Куәгерлер жарылыстың өте күшті болғанын да айтып отыр. Олардың сөзінше, соққы толқыны мен діріл көрші үйлерде де айқын сезілген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция, медицина қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Құтқарушылар қирандыларды тазалауды жалғастыруда. Оқиғаның нақты мән-жайы мен себебі анықталуда.

Фото: Ғаламтордан

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика