Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Кездесуде ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.
Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
Айта кетейік, бұған дейін бұл лауазымды қазақстандық саясаткер Иманғали Тасмағамбетов атқарған болатын.
