Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құрылады

Құрылтай депутаты Айдос Сарым I шақырылымдағы ҚР Құрылтайының жанынан Қоғамдық палата құру мәселесі туралы баяндады,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Оның айтуынша, аталған палата депутаттардың сарапшылармен, ғылыми қауымдастықпен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер мен өңір өкілдерімен тікелей диалог жүргізетін тұрақты жұмыс алаңына айналады.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда Қоғамдық палаталар институты кеңінен дамыған. Дәл осындай бірлестіктер азаматтар мен билік арасындағы сенімді көпір қызметін атқарып, қоғамның нақты сұраныстары мен ұстанымдарын нақты көрсететін маңызды индикаторға айналып отыр. Осыған байланысты, Қоғамдық палата депутаттардың сарапшылармен, ғылыми қауымдастықпен, азаматтық қоғам, кәсіби бірлестіктер мен өңір өкілдерімен тікелей диалог жүргізетін тұрақты жұмыс алаңына айналуға тиіс деп санаймыз, – деді А. Сарым.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика