Жамбыл облысында 120 келі есірткі дайындауға арналған шикізат тәркіленді

Облыстағы Меркі ауданы Қарасу ауылының маңында жерасты жасырын орнынан 20 келі марихуана алып жатқан кезде бұрын есірткі өткізгені үшін бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Polisia.kz. сайтының жазуынша, “Қарасора — 2026” ЖПІШ аясында өкізілген операция аясында осындай бірнеше қылмыстың жолы кесілген.
Мақсатты іс-шараларды өткізу нәтижесінде Жамбыл облысының аумағында 120 келі дайын өнім мен есірткі дайындауға арналған шикізат тәркіленді.

Шу ауданында зауыттардың бірінің маңында бес қап кептірілген марихуанасы бар жасырын орынды қазып, ашу кезінде үш жергілікті тұрғын қолға түсті. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 72 келі болған. Айта кету керек, ұсталған дайындаушылардың екеуі бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан бөлек, Түрксіб станциясында Шу — Тәтті теміржол аралығында екі жергілікті тұрғын ұсталды, олардан 25 келі құрамында есірткісі бар қарасора өсімдігі тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістер басталды. Ұсталғандар уақытша ұстац изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі “Қарасора – 2026” жедел-профилактикалық іс-шарасының белсенді кезеңінде қойылған міндеттерді іске асыру жұмыстарын жалғастырады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика