27 ақпанда Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы тұрғын үйге жапсарлас салынған кафеде газ баллоны жарылу салдарынан шықан өртттен қаза тапқандар саны тағы да өсті,— деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің соңғы берген мәліметінше Plov Center кафесіндегі жарылыстан кейін өкінішке орай кеше және бүгін тағы екі адам ауруханада көз жұмған.
Зардап шеккендердің бірі 8 наурызда Авиценна-Бурабай ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Көкшетаудағы Ақмола көпсалалы аймақтық ауруханасында емделіп жатқан науқас бүгін қайтыс болды, — деді Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нариман Ермек.
Дәрігерлер қалған құрбандардың өмірі үшін күресті жалғастыруда.
Облысттық ішкі істер басқармасы тарапынан тергеу жұмыстары жалғасуда. Кафенің иесі 4 наурыз күні сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша қамау изоляторына қамалды.
