Ел тұрғындары наурыз айында неше күн демалады

Наурыз айындағы мерекелік күнтізбеге сәйкес отандастарымыз биылғы Наурыз мерекесінде бес күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы. 

2026 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке күндеріне байланысты қосымша тағы төрт күн демалады. Осы мерекелердің үшеуі демалыс күндеріне келуі себепті  басқа күнге ауыстырылады.

Ел тұрғындары наурыз айында екі мемлекеттік мерекені атап өтеді.

Біріншісі Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келіп тұр, сондықтан мерекелік демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар – 7, 8 және 9 наурыз үш күн қатарынан демалады.

Наурыз мерекесіне арналаған үш күндік демалыстың екеуі (21 және 22 наурыз) сенбі және жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан 24 және 25 наурыз демалыс күндері болады.Яғни, ел тұрғындары Наурыз мерекесінде – 21-25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика