Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қазір елорда халқының саны 1 736 938 жеткен. Оның ішінде 1 491 629 тұрғын немесе халықтың 85,9 пайызы МӘМС жүйесіне тіркелген,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл негізінен көзге ғана көрінетін жоғары көрсеткіш. Алайда, қаланың әрбір 8-інші тұрғыны міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмеген. Жүйеге тіркелгісі келетін және дәрежесін қалпына келтіруге мұқтаж 245 109 адам бар. Сақтандырылмағандардың үлесі 14,1 пайыз.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелмегендердің орташа портреті мынадай: ерлер — 121 134 (53,16 пайыз), әйелдер — 106 751 ( 46,84 пайыз). Негізгі топ – еңбек етуге қабілетті жастағы ер адамдар. 25-45 жас аралығындағы адамдардың тобында сақтандырылмағандардың саны 128 947 адам (59,3 пайыз).
Бұл халықтың экономикалық белсенділігі жоғары бөлігі. Сақтандырылмаған адамдардың 41,2 пайызы төлем жасамаған, бұл оларды МӘМС жүйесіне тартудың алғышарты. Алайда осы көрсеткіш үнемі өзгеріп отырады. Бұл ең алдымен, елорда халқының белсенді көші-қонына байланысты.
Астана қарқынды дамып келеді, мұнда еліміздің әр өңірінен адамдар көшіп келеді, осы үдеріс халықтың сақтандыру дәрежесінің динамикасына да әсер етеді. Бұл жерде халықтың көп бөлігін қамту кезінде құрылымға қатысты мына мәселе елеусіз қалады: МӘМС жүйесіне тіркелмегендердің едәуір бөлігі – дәрежесінің өзгеруіне, жұмысынан айрылуына немесе жеңілдік кезеңінің аяқталуына байланысты сақтандыру жүйесінен шығып қалған, бірақ бұрын МӘМС-ке төлем жасап келгендер не істейді?
Мәселен, 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Астана тұрғындарының сақтандырылу деңгейі 85,9 пайызды құрады. Бұл көрсеткіштің өзгеруі өзінің сақтандыру дәрежесін үнемі тексерудің және МӘМС жүйесіне қатысуға байланысты мәселелерді дер кезінде шешудің маңыздылығын тағы да көрсетіп отыр.
Бұл бағытта филиалдың халықты ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі белсенді жұмыс жүрзігіп келеді. Медициналық ұйымдарға барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Осы жүмыстар тек қазан айының есебі бойынша Астана қаласында 1299 адамның қатысуымен 13 іс шара өткізілді,.
Бүгінгі таңда медициналық ұйымдарды қаржыландыру деңгейінің өскенін көріп отырмыз. Жалпы 2026 жылға медициналық көмекті сатып алу жоспары 343,9 млрд теңге құрады. Мәселен, 2026 жылға арналған медициналық көмек көрсету бойынша қызмет түрлерін сатып алу жоспарына сәйкес, 325 млрд теңгеге медициналық қызметтерді сатып алу келісім-шарттары жасалды.
Оның ішінде, мемлекеттік медициналық ұйымдарға 180,7 млрд теңге немесе қаржыландырудың жалпы көлемінің 56% қарастырылған;
жеке медициналық ұйымдарға — 144,3 млрд теңге немесе 44%. Өткен жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 50,4 млрд теңгеге ұлғайды, бұл 15,5% құрайды.
МӘМС тұрғындардың айтарлықтай шығындарды қажет ететін медициналық көмек алу мүмкіндігін едәуір кеңейтті. Медициналық көрсетілімдері дәлелденген және жүйеге тіркелген кез-келген адамның МӘМС қаражаты есебінен құны қымбат тұратын тексерулерден өтуге, емделуге және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді тұтынуға мүмкіндігі бар.
Атап айтсақ, ол компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, мамандандырылған медициналық көмек, стоматологиялық қызметтердің жекелеген түрлері, сондай-ақ заманауи медициналық технологияларды қолданатын күрделі оталар.
«МӘМС 2.0» және Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын енгізу ең алдымен қаржыландырудың ашықтығын арттыруға, техникалық қателерді азайтуға және жүйе қаражатын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған.
Астана қазір цифрлық трансформацияны практикалық тұрғыдан толық енгізді деуге болады. Жүйеге қатысатын барлық 129 медициналық ұйым толығымен цифрландырылған және жаңа форматта жұмыс істеуге дайын. Бүгінгі таңда 47 ұйым Qalqan платформасы арқылы шарттарға қол қойды, ал бірқатар ұйымдарда төлем құжаттары жасалып, актілерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Тағы бір маңызды бағыт — сандық антифродтық бақылау. Бұл тіркеулерді, медициналық қызметтердің қайталануын, негізсіз ауруханаға жатқызуды, көрсетілген көмек көлемінің жасанды ұлғаюын және басқа да заң бұзушылықтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық құрал.
Яғни, мұндай жағдайда цифрландыру қағаз құжаттардан электронды құжаттарға көшу дегенді білдірмейді. Бұл — қаржыландыру мен медициналық көмек көрсетудің әрбір кезеңі неғұрлым түсінікті және бақыланатын барынша ашық жүйені құру мүмкіндігі.
Болжам бойынша, жаңа тетіктерді қолданысқа енгізу денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10 пайызға төмендетеді. Бұл ретте қаражатты үнемдеуге қол жеткізіп қана қоймай, оларды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, соның ішінде медициналық көмекті дамыту және оның халық үшін қолжетімділігін арттыру аса маңызды. Түптеп келгенде, «МӘМС 2.0» сақтандыру жүйесін медициналық ұйымдар үшін де, емделушілер үшін де орнықты, ашық және ыңғайлы етері анық.
Қайрат ТӨЛЕГЕНОВ,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының
баспасөз хатшысы.
