Ақтауда Каспи теңізі жағалауынан әйел адамның денесі табылды

Қайғылы оқиға туралы Төтенще жағдайлар қызметіне сол маңайдан өтіп бара жатқан куәгерлер айтқан, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

жергілікті Lada.kz сайтының жазуынша, куәгерлер 4-ші шағын аудандағы қайық пандусының маңайында белгісіз әйел адамның мәйіті жатқанын байқаған.

Марқұмның суға батып кеткендігі туралы ақпаратты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады.

4А шағын ауданындағы (ел арасында «Тарасик» деген атпен белгілі) теңізге адам болғаны туралы хабарлама 29 қаңтарда сағат 18:10-да кезекші құтқарушыға келіп түскен.

Жедел құтқару тобының сүңгуірлері мәйітті судан шығарған сәтте марқұм толықтай  киініп алған күйде болды. Қазіргі кезде жағдайдың мән-жайы тексерілуде, — деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар алдын-ала болжам бойынша әйелдің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамға келіп отыр.

Фото: Дереккөзден

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика