Қуандық Бишімбаевқа тағы бір айып тағылды

Экс- ұлттық экономика министрі, әйелін ұрып өлтірді деген айыппен күдікті ретінде қамауда отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы қылмыс тергеліп жатыр, деп хабарлады jurtmedia.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтема жасап КТК телеарнасы мәлімдеді.

Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты   «Аса қатігездікпен кісі өлтіру» бабы бойынша тергеу басталған. Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни «Азаптау» бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның жазуынша Салтанат Нүкенова көз жұмған Гастро-орталықтың директорына қатысты тергеу аяқталған. Ол «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша айыпталып отыр.

Еске салайық, 9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел көз жұмған.  Кейін марқұмның  Қуандық Бишімбаевтың әйелі 31 жастағы  Салтанат Нүкенова екені белгілі болды.